Жаңалықтар

Қазақстанның Ресеймен сауда айналымы қаңтар-ақпанда 4,7%-ға артқан

20.04.2018

2018 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының Ресеймен өзара саудасы $2,4 млрд. құрап, 2017 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 4,7%-ға артты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстаннан Ресейге экспорт 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 6,6%-ке өсіп, $737,3 млн. құрады. РФ-тен ҚР-ға импорт 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 3,9% артып, $1,7 млрд. құрады.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 91,6% келеді.