Жаңалықтар

"Елшілік кештері" жобасының аясында атақты жазушы Сергей Лукьяненкомен кездесу өтті

19.04.2018

Бүгін, 19 сәуір, Walt Disney Studios Sony Pictures Releasing компаниясының ғимаратында атақты жазушы-фантаст, Қазақстан тумасы Сергей Лукьяненкомен кездесу өтті.

Кездесуді ашқан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Сергей Лукьяненконың артықшылығын айта отыра, жыл өткен сайын шығармаларының аясы кеңейе түскенін ерекше атап өтті.

Сергей Лукьяненконың шығармашылық қоржынында 120-дан астан түрлі жанрдан құралған өнер туындылары бар. Тек орыс тіліндегі шығармасының жылдық сатылымы 2,5 миллион данадан асып отыр. Оның туындылары еуропа елдерінің барлық тілдеріне аударылып қана қоймай, жапон, қытай тілдерiнде де жарық көріп, кейбір шығармалары қайтадан жарияланып жатыр. Бүгінгі күні жазушы 60-қа жуық түрлі әдеби жүлделердің иегері. Бүгінгі күні жазушы 60-қа жуық түрлі әдеби жүлделердің иегері. Бұған қоса, оның қиял әлемі туралы жазған әңгімелері  көркем киноларға негіз болды. Мәселен, Дозор киносынан әлем бойынша түскен табыс мөлшері $50 млн. жеткен. Бұл бұрын соңды болмаған ерекше көрсеткіш.

Осы кездесу барысында Сергей Лукьяненконың "Черновик" роман желісі бойынша қойылған жаңа киноның көрсетілімі өтті. Аталған кинотуынды Ресей кинонарығында үстіміздегі жылдың 25 мамырында жарық көреді.