Аңдатпа

«Шығыс Керуені-Астана 2017»

13.07.2017

12-16 шілде 2017 жылы Астана қаласының «Көрме» орталығында «Шығыс Керуені-Астана 2017» атты халықаралық жәрмеңкесі өтуде.

Аталған шара Алматы қаласының «ExpoDamu» көрме компаниясының, Астана қаласы әкімдігінің және Омбы қаласындағы Қазақстан консулдығының ұйымдастыруымен өтуде. Жәрмеңкеде тұрмысқа қажет заттардың барлық түрлері ұсынылған. Келушілер ер азаматтарға, қыз-келіншектерге арналған заттармен бірге азық-түлік тауар түрлерін сатып алуға мүмкіндігі болады.