Аңдатпа

Астанадағы ШЫҰ саммиті

8.06.2017

8-9 июня 2017 года в Астане пройдет заседание Совета глав государств-членов Шанхайской организации сотрудничества. 2017 жылғы 8-9 маусым күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы өтеді.

Делегация басшылары халықаралық және аймақтық жағдайлар туралы, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларында ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастық қауіпсіздігі мен даму мәселелері туралы пікір алмасып, Үндістан мен Пәкістанның ШЫҰ-на мүше-мемлекеттер ретінде қосылу барысын талқылайтын болады.

ШЫҰ – құрамына алты мемлекет (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікістан, Өзбекістан) кіретін тұрақты әрекеттегі үкіметаралық халықаралық ұйым. Аталған ұйымға бақылаушы-мемлекеттер қатарына Үндістан, Моңғолия, Пәкістан, Иран жатады. ШЫҰ құру туралы Декларацияға 2001 жылы 15 маусымда алты мемлекет басшыларының кездесуінде қол қойылды.

Ұйымның негізгі мақсаттары мынадай: мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, татулық қарым-қатынастарды нығайту; оларға саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет салаларында, сондай-ақ білім беру, қуат көзі, көлік, туризм қоршаған ортаны қорғау және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту; ортақ күш жұмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.

2016 жылғы маусым айынан 2017 жылдың маусымына дейін ШЫҰ-на Қазақстан Төрағалық етеді.