Аңдатпа

Петербург халықаралық экономикалық форумы

1.06.2017

2017 жылдың 1-3 маусым күндері «Жаһандық экономикада жаңа теңгерімді іздеу» атты ұранмен ХХІ Петербург халықаралық экономикалық форум өтеді.

Форум жұмысына әлемнің көптеген елдерінен банктердің, кәсіпорындардың,  жетекші компаниялардың басшылары мен мемлекеттер мен үкімет басшылары қатысады.

Қазақстандық қатысушылардың арасында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Бас прокурор Жақып Асанов, "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының меңгерушісі Қайрат Келімбетов және басқалары бар.

Форум бағдарламасында әр түрлі өзекті экономикалық тақырыптарда, атап айтсақ, әлемдік экономиканың, еуропалық және еуразиялық интеграциялық түйісу болашағының өсуін және тұрақтылығын қамтамасыз ету, "жасыл" энергетикасын құрудағы атом технологиясының рөлі, ғарыш қызметі нарығының дамуы, БРИКС елдерінің экономикалық дамуы және т.с.с.

Форум барысында қабылданған бастамалар мен ұсыныстар жалпы шоғырландырылған тәсілдерді өндіруге мүмкіндік береді. Ал форум жұмысы уақытында жасалған келісім-шарттар халықаралық ынтымақтастыққа, жаңа өзара тиімді жобалар жасап шығаруға және оны жүзеге асыруға қызмет ететін болады.