Афиша

"Қазақ халқының салт-дәстүрлері" көрмесі

16.12.2017

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Мәскеудегі Садовый көшесіндегі Антиквариат орталығында "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты  Ералы Оспанұлының сурет көрмесі ашылды.

Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігімен ұйымдастырылған экспозиция Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25-жылдығына арналып отыр.

Көрмеде ұсынылған 90 сурет адам өміріндегі маңызды кезеңдерді қамтып өткен.

Ералы Оспанұлы көне гравюра және ғасыр уақыт болған фотосуреттерді пайдалана білді. XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басындағы тарихи көздерді пысықтау негізінде қазіргі кезде көбісі ұмытылған немесе бұрмаланған әдет-ғұрыптар мен жоралардың шағын бірақ кеңінен сипаттайтын көрнекті графикалық қатар жасалған.

Әрбір бейне салттың мағынасын, көшпелі халықтың өміріндегі мәнін түсіндіретін әңгіме-жазбамен қоса берген. Сондықтан оның суреттеріндегі адамдардың жүздеріне, олардың сымбатына, ымдарына, киімнің бөлшектеріне, киіз үйдің әшекейлеріне ерекше қарауға итермелейді.

Әр суретте  есте қалар  қазақ халқының терең тарихи ақылы, оның бай мәдени мұрасы үшін шабыт болды.

Көрме  келер жылдың қаңтардың 10 –на дейін есігін айқара ашып отыр.