Афиша

2017 жылы шілденің 6-сы мен 22-сі аралығында Мәскеу-Астана-Сиань бағыты бойынша жыл сайынғы «Жібек жолы» халықаралық раллиі өтеді

9.06.2017

Ралли 6-шы шілде күні Мәскеудің Қазал алаңынан бастау алады. Бағыттың жалпы ұзындығы 9608 шақырым. Бағыт 14 кезеңге бөлінген.

Ралли 22 шілде күні әлемге Цинь Шихуанди патша мавзолейіндегі әйгілі Терракот әскері бірегей тарихи ескерткішімен танымал Қытайдың көне астанасы Сиань қаласында мәреге жетеді. 

Алғашқы үш кезең Ресей аумағында өтіп, кейін спортшылар Қазақстанға аттанып, онда ұшқыштар шілденің 11-і мен 14-і аралығы ұлы далада төртінші кезеңді өткеретін болады.

Демалыс күні ретінде 16-ші шілде белгіленген. Қатысушылар Үрімші қаласында дамылдамақ. Алайда оған дейін жарысқа қатысушылар Қытай Халық Республикасы аумағында жетінші кезеңнің алғашқысын тәмамдауы тиіс. Былтырғыдай бағыттың жарқын сәттерінің бірі ретінде, экипаж Гоби шөлін бағындыратын болады.

Toyota Overdrive, Team Peugeot Sport, Team Extreme Plus Polari және «КАМАЗ-мастер» сынды әлемнің үздік командалары раллиға қатысатынын растады.  

Әлемі журналистері, сарапшылары мен автоспорт әуесқойлары  Geely, Hino және Baicmotor маркасының жол талғамайтын көліктері және жүк машиналарымен қатысатын қытайлық жас командалар мен автошабандоздарға үлкен қызығушылық танытуда.