Афиша

V "Astana Piano Passion" халықаралық байқауы

6.05.2019

"Astana Piano Passion" V халықаралық классикалық музыка фестиваліне және жас пианистер байқауына өтінімдерді қабылдау басталды.

Байқаудың финалы 2019 жылы 12 мен 18 мамыр аралығында өтеді. Байқаудың арнайы сайтында www.astana-app.kz байқауға қатысудың талаптары толықтай көрсетілген Байқаудың ережелері жарияланды.

Фестиваль-байқауды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы мәдениет және cпорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры. Байқаудың көркемдік жетекшісі және құрметті төрағасы – Ресейдің Халық әртісі, Денис Мацуев.

Жас пианистер байқауы Қазақстанның жас дарындарын тәрбиелеп өсіреді және жастарды музыкамен айналысуға тартады. "Astana Piano Passion" V халықаралық жас пианистердің фестиваль-байқауын ұйымдастырудың мақсаты: фортепиано өнері саласында жаңа таланттарды айқындау, ұлттық фортепиано мектептері дәстүрін нығайту, орындаушылық өнер әдістерімен халықаралық алмасу, ұлттық мектептердің дәстүрлері мен шығармашылық байланыстарын нығайту, фортепиано бөлімінде оқытудың шеберлік деңгейін жоғарылату. 

Қатысушылардың өнерін беделді халықаралық қазылар алқасы құрамына кіретін әлемдік атаққа ие пианистер, айтулы халықаралық байқаулардың музыкалық продюссерлері бағалайтын болады.

Қатысушылардың жасы – 18 жасқа дейін. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 60 000 АҚШ доллары.