Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Астана процессі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Сириядағы жанжал тараптары арасындағы атысты тоқтату туралы келіссөздер өткізу орны ретінде Астана қаласын ұсынды. Бүгінгі таңда, елордада Сирия жанжалын реттеу жөнінде жетi халықаралық кездесу өтті.

Қақтығысты дипломатиялық диалог үнқатысу реттеуге қосқан Астананың үлесін Біріккен Ұлттар Ұйымы мен көптеген әлемдік көшбасшылар мойындап отыр. Астана процесі Женевадағы келіссөздерді толықтырады; екеуі Сириядағы қақтығыстың бейбіт және тұрақты шешуін қамтамасыз етуге арналған.


2017 жылғы 23-24 қаңтар (Бірінші кездесу)

Бұл кездесу 2016 жылғы 30 желтоқсанда қол қойылған атысты тоқтату туралы келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Ресей, Иран және Түркияның қолдауымен Сирияның қарулы оппозициясы мен Сирия үкіметінің өкілдері арасында жанама келіссөздер өтті. БҰҰ делегациясы дәнекер ретінде қатысты. АҚШ делегациясы байқаушы ретінде қатысты. Бұл келіссөздер Сирия үкіметі мен қарулы топтар өкілдерінен құралған оппозициялық делегация қатысқан алғашқы келіссөз болып табылады.

Нәтижелер

Кепілгер мемлекеттер Сириядағы атысты тоқтатуды бақылаудың үшжақты тетігін құруға келісті; «ДАИШ» және «Әл-Нусра майданына» қарсы күресте ынтымақтасуға дайындығын білдірді; Астана алаңында нақты мәселелер бойынша кездесулер өткізу туралы уағдаласты.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистураның айтуынша, «Қазақстан халықаралық аренадағы ең күрделі жағдайларды шешу үшін өз күш-жігерін көрсетті»... [және] БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі Сирия қақтығысын шешуге қосымша мүмкіндік береді».


2017 жылғы 15-16 ақпан (Екінші кездесу)

Бұл келіссөздерге үш кепілгер мемлекет – Ресей, Иран және Түркия, сондай-ақ Сирия үкіметі мен қарулы оппозицияның өкілдері қатысты. БҰҰ, АҚШ және Иордания делегациялары байқаушы ретінде қатысты.

Нәтижелер

Кепілгер мемлекеттер БҰҰ-ға есеп беретін, атысты тоқтату режимін сақтау мониторингі жөнінде Бірлескен жұмыс тобын құруға уағдаласты; бітімге қосылған аумақтар туралы ереженің жобасын келісті; тұтқындар алмасу туралы ереженің жобасын талқылады.


2017 жылғы 14-15 наурыз (Үшінші кездесу)

Кездесуге Ресей, Түркия және Иран өкілдері, сондай-ақ Сирия үкіметінің делегациясы қатысты. БҰҰ, АҚШ және Иордания делегациялары байқаушы ретінде қатысты.

Нәтижелер

Кепілгер мемлекеттер Сириядағы атысты тоқтатудың жай-күйін және бітімге қосылған аумақтардағы жағдайды қарастырды; тұтқындар алмасу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені, Сирия конституциясы бойынша жұмыс тобын құрудың шарттарын, «ДАИШ» және «Әл-Нусра майданы» сияқты террористік топтардың және қарулы оппозициялық топтардың орналасқан жерлерін көрсететін бірыңғай картаны құру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Сириядағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра объектілерін минадан заласыздандыру мәселесі қаралды.


2017 жылғы 3-4 мамыр (Төртінші кездесу)

Астана процесінің төртінші кездесуіне Ресей, Иран және Түркия, сондай-ақ Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозиция өкілдері қатысты. АҚШ, БҰҰ мен Иордания делегациялары байқаушы ретінде қатысты.

Нәтижелер

Кепілгер мемлекеттер Сирияда қауіпсіз аймақтарды құру туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға сәйкес, зорлық-зомбылықты дереу тоқтату, гуманитарлық жағдайды жақсарту және Сириядағы қақтығысқа саяси реттеу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Идлиб, Хомс, шығыс Гута, сондай-ақ Дераа және Кунейтра провинцияларында қауіпсіздік аймақтары құрылады.

Иран, Ресей және Түркия кепілгер мемлекеттердің делегациялары Сирияның егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына өз бейілділігін растай отырып, Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Сондай-ақ олар Сириядағы қақтығыстың шешімі саяси жолмен ғана мүмкін екеніне сенім білдірді.


2017 жылғы 4-5 шілде (Бесінші кездесу)

Келіссөздерге Сирия үкіметінің, Сирия қарулы оппозициясының, ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимінің кепілгерлері – Ресей Федерациясы, Түркия Республикасы мен Иран Ислам Республикасының делегациялары және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Сирия жөніндегі Арнайы өкілі Стаффан де Мистура, байқаушылар ретіндегі Иордан Хашимит Корольдігі мен Америка Құрама Штаттарының өкілдері қатысты.

Нәтижелер

Иран, Ресей және Түркия кепілгер мемлекеттердің делегациялары ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимін бірлесе күшейту мен сириялық жанжалдағы тараптар арасында өзара сенім орнату бойынша іс-қимыл жасауға бел байлағандарын білдірді. Кепілгер мемлекеттер ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимінің бұзылмауын талап етуде. Кепілгер мемлекеттер меморандумға сәйкес деэскалация аймақтары бойынша Бірлескен жұмыс тобының (БЖТ) құрылуын қолдап, оның Ережесін қабылдады. Деэскалация аймақтарының шекараларын айқындаудағы ілгерілеушілік атап өтілді. Сонымен бірге, БЖТ-ға деэскалация аумақтары жұмыс етуінің операциялық және техникалық шарттарын жасауды аяқтау тапсырылды.


2017 жылғы 14-15 қыркүйек (Алтыншы кездесу)

Астана процесінің алтыншы раундына Сирия үкіметі мен Сириядағы қарулы оппозиция делегациялары, соғыс қимылдарының тоқтатылуына Кепілдік беруші елдер (Иран, Ресей және Түркия), сондай-ақ БҰҰ, Иордания және АҚШ-тың жоғары өкілдері қатысты.

Нәтижелер

Иран, Ресей және Түркия кепілгер мемлекеттердің делегациялары аясында «Шығыс Гутада, Хомс провинциясының солтүстігіндегі кейбір бөліктерде, Идлиб провинциясында және көршілес провинциялардың (Латакия, Хама және Алеппо провинциялары) кейбір бөліктерінде, сондай-ақ Сирияның оңтүстігіндегі кейбір аудандарда деэскалация аймақтарын құру туралы» жарияланды.

Құжатқа сәйкес Деэскалацияны бақылау күштерінің әрекеттерін келісу үшін Иран-Ресей- Түркия бірлескен үйлестіру орталығы құрылуда.

Кепілдік беруші елдер “жоғарыда аталған деэскалация аймақтардың қызметі басталғанының нәтижесінде терроризмге қарсы күресте және ДАЕШ, “Джабхат ан-Нуср” және “Әл-Қаида” немесе ДАЕШ-пен одақтас барлық басқа да тұлғалар, топтар, кәсіпорындар мен ұйымдарды жоюда ілгерілеу болғанын” атап өтті және “олармен деэскалация аймақтардың ішінде де, олардан тыс аймақтарда да күресу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға бейілділіктерін растады”.


2017 жылғы 30-31 қазан (Жетінші кездесу)

Астанада Иран, Ресей және Түркия сияқты атысты тоқтату режимінің кепілгер елдері делегацияларының, Сирия үкіметі мен қарулы оппозициясының, БҰҰ, АҚШ пен Иорданияның жоғары өкіледерінің қатысуымен Сирия бойынша халықаралық жоғары деңгейдегі кездесу өтті.

Нәтижелер

Сирия жөніндегі Астана процесінің жетінші раунды сириялық жанжалды кешенді реттеу мәселелері көрсетілген Иранның, Ресейдің және Түркияның ортақ мәлімдемесімен аяқталды.

Мәлімдемеде деэскалация аймақтары жұмыс жасай бастағаннан бері терроризмге қарсы күресте және ИГИЛ/ДАИШ, "Джабхат ан-Нусры" және басқа да террористік топтарды жоюда қол жеткізген жетістіктер аталған. Құжат Женевадағы БҰҰ қолдауымен саяси реттеуді ілгерілетуге бағытталған күш-жігерді жандандыруға, сондай-ақ Ұлттық диалог конгресін Женева үдерісіне сәйкес өткізу туралы ресейлік бастаманы қарастыруға шақырады. Халықаралық гуманитарлық көмек көрсетуді күшейтудің және ұсталғандарды босату, өлі денелерді қайтару мен жоғалған адамдарды іздестіру сияқты сенім шараларын кеңейтудің маңыздылығы аталды. Тараптар Астаналық процестің аясындағы кезекті сегізінші кездесуді 2017 жылы желтоқсан айының екінші жартысында өткізуге уағдаласты.


2017 жылғы 21-22 желтоқсан (Сегізінші кездесу)

Келіссөздерге Сирия үкіметінің, Сирия қарулы оппозициясының, ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимінің кепілгерлері – Ресей Федерациясы, Түркия Республикасы мен Иран Ислам Республикасының делегациялары және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Сирия жөніндегі Арнайы өкілі Стаффан де Мистура, байқаушылар ретіндегі Иордан Хашимит Корольдігі мен Америка Құрама Штаттарының өкілдері қатысты.

Нәтижелер

Мәлімдемеге сүйенсек, Сириядағы терроризммен күресте көптеген жетістікке қол жеткізілген. Атап айтқанда, ИЛИМ ой­сырата жеңіліп, ел аумағы олардан біржола тазартылды. Сонымен қатар ИЛИМ, "Джабхат Ан-Нусры" және басқа да лаңкестік ұйымдармен күрес жалғаса беретіні, олардың өзге де елдер мен аумақтарға қоныс аударуына жол бермеудегі түбегейлі шешімдері де айтылған. Кепілгер үш ел таратқан мәлімдемеде сириялық қоғам өкілдерінің қатысуымен 2018 жылғы 29-30 қаңтарда Сочиде өтетін сириялық ұлттық диалог конгресіне дайындық мәселелері аталып өткен.


2018 жылғы 14-15 мамыр (Тоғызыншы кездесу)

Келіссөздерге Сирия үкіметінің, Сирия қарулы оппозициясының, ұрыс іс-қимылдарын тоқтату режимінің кепілгерлері – Ресей Федерациясы, Түркия Республикасы мен Иран Ислам Республикасының делегациялары және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Сирия жөніндегі Арнайы өкілі Стаффан де Мистура.

Нәтижелер

Кепілгер үш елдің БҰҰ және Халықаралық қызыл крест комитеті сарапшыларының қатысуымен ұсталғандар мен тұтқындарды босату, із-түзсіз жоғалғандарды іздеу және қаза тапқандардың мүрделерін беру жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысын өткізгендігін қолдаймыз. Жұмыс тобының атқарылған жұмыстар туралы есеп мәліметтерін қабылдадық және Сириядағы жанжалдасушы тараптардың арасындағы сенімді нығайту мақсатында бірлескен күш-жігерді жалғастыру қажеттігін қуаттадық. Жұмыс тобының келесі отырысын 2018 жылдың маусымында Анкарада өткізуге уағдаластық.

Сонымен қатар аталған құжатта БҰҰ ҚК 2254 қарары ережелерін басшылыққа ала отырып, Сочиде өткен Сириялық ұлттық диалог конгресі ұсыныстарының орындалуына жәрдемдесу жолымен саяси реттеу процесін ілгерілету үшін бірлескен күш-жігерді жалғастыруға дайын екендіктерін қуаттағандығы айтылған.

Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақстандық билікке Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі 9-халықаралық кездесуді Астанада өткізгендігі үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі келесі халықаралық кездесуді 2018 жылдың шілдесінде Сочиде өткіземіз деп шештік.


Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер