Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Қазақстандағы білім саласы

Қазақстандағы жоғарғы және орта білім

Қазіргі таңда Қазақстанның 130 ЖОО 520 мыңнан астам адам, 820 колледжінде қосымша 500 мың студент және 7500 мектепте 2,8 млн оқушы білім алуда.

2016 жылы бакалавриатқа 31 мың мемлекеттік грант бөлінді.

2017 жылы Үкімет оны 40 мыңға жеткізуді ұсынды. Қазір бұл ұсыныс талқылануда. 2017 жылы Қазақстандағы Бірыңғай ұлттық тестілеу жаңа форматта тапсырылады.

Тест тапсыруға қазақстандық мектептердің 95,3 түлегі жазылған. Тестілеу 165 пунктте өткізілетін болады.

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстанның 21-ғасырдың басындағы қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуы техникалық, басқарушылық және көшбасшылық құзыреті жоғары деңгейдегі мамандарға аса қажеттілікті тудырды, сондықтан 2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба іске қосылды.

Зияткерлік мектептер бастауыш мектеп (оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту), негізгі мектеп және жоғары мектеп деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізуді және іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.  

Қазақстан Республикасындағы қазіргі бар білім беру талаптары мен стандарттары білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын лайықты  деңгейде енгізуге, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік бермеді.

Осыған байланысты инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыру үшін қажетті білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын енгізу, академиялық еркіндік пен дербестікті дамыту үшін 2011 жылғы 19 қаңтарда «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Бұл мәртебе білім беретін оқу бағдарламаларын дербес бекітуге, қабылдау емтихандарына қойылатын талаптарды белгілеуге, үлгерімділікті ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестациялау мен басқаларына құқықты білдіреді. Академиялық еркіндік қағидаты жаңа бағдарламаларды әзірлеу мен байқаудан өткізуді жеделдетуге, орта білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді.

«Назарбаев Университеті»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі - Университет) алға қойған міндеті – Қазақстанның халықаралық деңгейдегі тұңғыш зерттеу университеті болу, себебі оның қызметі елдің негізгі басымдықтарының іске асырылуына, оның ішінде зерттеу әлеуетінің жедел қарқынмен өсуіне, елдің индустриялық-инновациялық дамуына, өзгеріп отыратын және жаһандық ықпалдастырылған экономика талаптарына сай келетін білім беруге көшудің қамтамасыз етілуіне байланысты.

Университеттегі оқу процесі халықаралық білім беру стандарттары негізінде құрылған, бұл Қазақстан Республикасы білім және ғылым жүйесінің қарқынды дамуына және әлемдік деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.

Бұл – қызметі дербестік және академиялық еркіндік қағидаттарына негізделген Қазақстандағы ең алғашқы университет. Университетке дербестік мәртебесі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес берілді.

Университет Стратегиясы еліміздің барлық жоғары оқу орындары үшін үлгі болып саналатын жоғары білім берудің озық моделін қалыптастыру мақсатында Университеттің тиімді және серпінді дамуын қамтамасыз ететін негізгі стратегиялық мақсаттар мен бағыттарды айқындайды. Стратегияда Университеттің 2013-2020 жылдарға арналған миссиясы, пайымдауы, стратегиялық мақсаттары, даму кезеңдері және қызметкерлердің, оқытушылардың, студенттер мен зерттеушілердің бірлескен күш-жігерлерінің нәтижелері баяндалған.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер