Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Ресей павильоны

РЕСЕЙ ЭКСПО КӨРМЕСІНДЕ

Ресейдің ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонының көлемі 1008 шаршы метрді құрайды. Онда Ресейдің бірегей табиғи өңірлерінің платформасында болашақта ғаламның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Ресейдің мүмкіндіктерімен таныстыратын экспозиция қойылады.   

Ресейдің ЭКСПО-2017 көрмесіндегі секциясы әлемнің үздік ойшылдары, мемлекет басшылары, ірі халықаралық корпорациялардың өкілдері жиналатын жаһандық пікірталас алаңы болады деп жоспарлануда. Павильонда әлемдік ауқымдағы маңызды мәселелер ортаға тасталып, энергия ресурстарын тиімді пайдалануда туындаған ұсыныстар, атап айтсақ  жер қойнауы мен баламалы "жасыл" энергетика теңгерімін табу тақырыбындағы сауалдар талқыға салынбақ.

Ресейлік экспозицияда арктика тақырыбына ерекше көңіл аударылады.  Ресейдің ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильоны келушілерді салқын ауа мен мұзтау жанында "селфи" жасау мүмкіндігімен ерекшеленбек.  

Сонымен бірге, атом энергетикасы, жаңғыртылатын энергия көздері, сондай-ақ мұнай, газ, мұнай-химия, газ-химия секторын дамытуға байланысты негізгі бағыттар ұсынылады.

Ресей көрме шеңберінде жүзден астам іскерлік форумдар мен конференциялар өткізеді. ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ресейлік іскери бағдарлама салалық бағыттарға бөлінген: 12 апта - 12 тақырыптық тректер. Негізгі іс-шараларға тоқталсақ: 16 маусымда - "Жаңа энергетика: инвестициялар және серіктестік", 18 шілдеде - "Әлемдік көміртексіз экономиканы дамытудағы  атом энергетикасының маңызы" (Росатом), 1 қыркүйекте - "Болашақтың энергия желілері" пленарлық сессиясы (Россети).

ЭКСПО-2017 көрмесіне Ресейдің екі жүзден астам компаниялары мен субьектілері қатысуға шақыртылды. Атап айтқанда, "Росатом", "Россети", "Транснефть", "Новатэк", "Уралхим", "Уралкалий", "Норильский никель", "Хевел", "Ротек", "УВЗ" және т.б. Өңірлер ішінде: Татарстан, Свердловск және Челябі облыстары, Мәскеу мен Санкт-Петербургтің үкіметтері және т.б. бар.

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі мәдени бағдарлама шеңберінде Ресей өңірлерінің мәдениет фестивалі, Мәскеу күні және басқа іс-шаралар өткізіледі.

" ЭКСПО-2017 көрмесіне Ресейдің қатысуы" таныстырылымы

Көрмеге ресейлік қатысудың дипломатиялық қолдауы

Ресей - көрмеге өз қатысуын растаған елдердің алғашқыларының бірі (2015 жылы 15 қаңтар).

2015 жылғы 6 қарашада РФ Премьер-министрі Д.Медведев шешіміне сәйкес Өнеркәсіп және сауда министрі Д.Мантуров Ресейдің көрмедегі қатысуын қамтамасыз ету және ресейлік экспозицияны дайындау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Г.Каламанов ресейлік секцияның көрмедегі Бас комиссары қызметіне тағайындалды.

Ресейлік павильонның мазмұнын ашу үшін "Ресей - планетаның энергетикалық әлеуеті"  тақырыбы таңдалып алынды.

Экспозиция келесі негізгі тақырыптық зоналарға бөлінді:

  • Арктика энергиясы;
  • ауыспалы экспозиция алаңы.

Ресейдің ЭКСПО көрмесіндегі Ұлттық күні ретінде 8 қыркүйек белгіленді. Ресей күні шеңберінде "Болашақтың энергиясы: стратегия мен мүмкіндіктер" халықаралық форумын өткізу жоспарлануда.

Елшіліктің жәрдемімен "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Ресейдің қатысуы туралы Шарт пен "ЭКСПО-2017" көрмесіндегі іс-шаралар бағдарламасын дайындау және ұйымдастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ресей көрменің халықаралық бағдарламалық серіктесі мәртебесін алды және ауқымды шара кезінде салалық форумдар, әлемдік сарапшылар қатысумен өтетін ғылыми-көпшілік конференцияларды ұйымдастыруға өз үлесін қоспақ.  

"Formika" компаниясымен өзара қарым-қатынас

"Formika" компаниялардың тобы және оның құрылымына кіретін «Business event» компаниясы Ресейдің қатысуын ұйымдастыруда ресми оператор болып бекітілді.

9 маусым күні Ресей Президенті Владимир Путин ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі қатысып, Ресей павильонын да аралап көрді.


ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ресей павильонының ашылу салтанатында "арктикалық суық лебі" сезілді.

"Ресей павильоны қалдырған әсерімен, болашақтың энергетикасын ұсынудағы қосқан үлесімен үздік орындардың бірін алады деп сенемін.

Ресейдің инновациялық даму мен болашақтың энергетикасын пайдалануға бет бұрып, әртүрлі теңіздер жағасын шайып жатқан ел ретіндегі басымдығын қолдана алатынын баршаңыз көре аласыздар", — деді Ресейдің Қазақстандағы төтенше әрі өкілетті Михаил Бочарников. Көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер