Қазақстан РеспубликасыныңРесей Федерациясындағы Елшілігі

«Қазір барлық күш-жігерді халықаралық қатынастарда үнқатысуды, өзара түсіністікті және сенімді қалпына келтіруге жұмылдыру керек»

Н.Ә Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

На главную [RUS]

Жалпы ақпарат

EXPO-2017: Болашақ энергиясын дамыту

Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу Қазақстан үшін маңызды жалпыұлттық жобалардың бірі болып табылады. Аталмыш кең көлемді іс-шараны ұйымдастыру бастамасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. 2012 жылдың 12 маусымында Париж қаласында ХКБ-нің (Халықаралық көрмелер бюросы) 151-Бас Ассамблеясында Астана қаласының ресми таныстыру рәсімінің басында Қазақстан Президенті делегаттарға арнайы бейне-үндеу жіберді. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жеңіске жетуі жағдайында жобаның сәтті жүзеге асуы үшін бар күш-жігердің жұмсалатынына кепілдеме берді. Астананың ұсынған тақырыбы – «Болашақ энергиясы»  – баламалы қуат көздері мен «жасыл» технологияларға арналған.

2012 жылдың 22 қарашасында халықаралық бюроның 161 мүше-мемлекетінің жасырын дауыс беруі нәтижесінде Астана қаласы  EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны деп тағайындалды. Астананың өтінішін 103 мемлекет қолдады. EXPO-2017 бұрынғы кеңес мемлекеттерінің бірінде өтетін жоғары деңгейдегі алғашқы көрме болмақ.

Көрме 10-маусымнан 10- қыркүйекке дейін үш айға созылады. Оған әлемнің шамамен 100 мемлекет және 15-тен астам халықаралық ұйым қатысады деп жоспарлануда. Көрмеге 5 миллиондай келіп кетушілер боладыдеп күтілуде.

EXPO-2017 тақырыбы – «Болашақ энергиясы»  әлемде қуатты үнемдеудегі ең үздік технологияларды, күн, жел, теңіз, мұхит және жылы су энергиялары секілді баламалы қуат көздерін пайдаланудың жаңа жасақтамалары мен  технологияларын тартуға мүмкіндік береді. Астана аталмыш саладағы үздік әлемдік жасақтамалар мен үрдістердің көрінісі үшін тиімді алаңға айналмақ. Сонымен қатар, көрме мемлекеттің ғылыми базасы мен өндірістік қуатының технологиялық жаһандануы және экономиканың жүйелік әртараптандыруы үшін қуатты түрткі болмақ.  

Себебі энергия – адам тіршілік әрекетін дамыту мен ынталандыру үшін жағдай туғызатын табиғи негіз. Энергия социумдар моделін сақтауды қамтамасыз етеді, яғни, көптеген аспектілерді біріктіретін түсінік ретінде ғаламзат, жекелей алғанда, адамзатқа қатысты қызықтырушы мәселелерді тудырады.

«Болашақ энергиясы» жобасы қуаттың тұрақты көздерін дамытуға бағытталған стратегиялар, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуат көзімен қамтудың сенімділігі мен тиімділігін арттыру, энергияның жаңартылған көздерін пайдалануды ынталандыру,қуатты үнемдеу өндірісінің және энергетикалық қорларды тиімді пайдаланудың жоспарын жасақтау мен жүзеге асыруда олардың белсенді қатынасының қажеттілігін көрсету секілді нақты мақсаттарды белгілейді.

EXPO-2017 көрмесі энерготасымалдаушыларға тек қана денсаулық пен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтумен ғана емес, сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік дамуды жылдамдату секілді мәселелер мен міндеттерді есепке алу секілді жаһандық тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді.  Аталмыш міндеттер мен мәселелердің тиімді шешілуі көптеген факторларға тәуелді, оның ішінде әрқайсымыздың жеке қатынасымыз маңызды.

Аталмыш кең көлемді іс-шараны ұйымдастыру кіші және орта кәсіпкерліктің дамуына жаңа байыпты импульс тудырады. EXPO көрме нысандары мен Астана инфрақұрылымы құрылыстарына қомақты жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

ЕХРО-ны өткізу кезінде Қазақстан Астанасы әлемнің әр бұрышындағы әртүрлі мәдениеттің әуендері мен дыбыстарына толады. Күн сайын көрме аймағында концерттер, шоулар, ұлттық күндер және өзге де сауықтыру іс-шаралары өтеді.

Халықаралық  ЕХРО көрмелері – маңызына қарай бүкіләлемдік экономикалық форумдармен, туристік тартымдылығына қарай ең танымал әлемдік жарыстармен салыстырылатын жаһандық масштабтағы іс-шара.

1851 жылдан бастап Лондон қаласында бірінші Бүкіләлемдік өндірістік көрме өтті. Жыл сайын ЕХРО халықаралық көрмелері танымал бола бастады, сонымен қатар, барлық қалаған жандарға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар көрмелер инновациялық идеялармен алмасу үшін және болашаққа ұжымдық көзқарастың мүмкіндіктерін дәлелді ұсыну үшін  ерекше платформа болып табылады.

ЕХРО-ны миллиондаған туристер келіп қарайды, сол себепті әрбір мемлекет мәдениеттерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктерін көрсете алатын бірегей павильон құруға және бүкіл әлемге өздерінің экономикалық және технологиялық даму жолдарын көрсетуге тырысады.

Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросының мүшесі және 2005 жылдан бастап ЕХРО-ға қатысып келеді. Испандық Сарагосада өткен ЕХРО-2008 нәтижесінде 104 қатысушы мемлекет ішінде, «С» санатында біздің мемлекетіміз ішкі және сыртқы рәсімделу қағдиттарына сәйкес қола жүлдеге ие болды.

Мемлекеттік органдар

Пайдалы сілтемелер